Сапасыз интернет үшін айыппұл көлемі артады

89

Сапасыз интернет үшін байланыс операторларына салынатын айыппұл көлемі еселеп артады. Қазір 600 мың болса, алдағы уақытта оның сомасы 4,5 млн. теңгеге дейін ұлғаяды.

Мәжілісте байланыс саласындағы заңнаманы жетілдіру тетіктері талқыланды. Өйткені, ел бойынша бұл мәселе әлі өзекті. Тұтынушының құқығы сақталмайды. Былтыр 928 елді мекенге интернет тартылса, оның 60 пайызы сапасыз. Енді мұндай операторларға талап күшейеді.

Берік Бекжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Байланыс операторлары жағынан қарсылық болып жатыр. Қазір жұмыс тобында қызу талқыланып жатыр. Себебі, байланыс операторлары уәж айтқан. Негізгі мақсат – тұтынушының байланыс алудағы құқын қорғау».

Ал, Ресейдегі жағдайға байланысты Қазақстанның жаһандық желіден ажырауы мүмкін деген ақпарат жалған. Тиісті ведомства басшылығы ешқандай қауіп жоқ деп отыр.

Шынар Оразова