Жалған чек көрсетіп, алтын білезікті ұрлап кеткен…

125

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреудің өзіне алаяқтық жасағанын хабарлады. Сатушы әйелдің айтуынша, одан белгісіз бойжеткен құны 300 мың теңге тұратын алтын білезікті сатып алмақшы болып, ұялы телефоннан ақшаны төлегендігі туралы чекті көрсеткен.

Кейіннен сатып тұрған тауарының ақшасы түспегеннен кейін, жәбірленуші әйел полицейлерден көмек сұрайды. Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Сарыағаштық тәжірибелі полицейлермен қылмысты дер кезінде ашып, алаяқты ұстауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары атқарылды. Тәртіп сақшылары бұл қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстауға барын салды. Қажетті тексеру жұмыстарының нәтижесінде, жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөлімге жеткізілді.

Анықталғандай, жас бойжеткен жәбірленушіге аударым туралы жалған чекті көрсетіп, сатылымда тұрған алтын білезікті алып кеткен. Содан күдікті жымқырған алтынды ломбардтардың біріне өткізіп жіберген. Бүгінде полицейлер жымқырған алтынды заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті бойжеткенге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы тұста полицейлер тұрғындарға ескертеді: кез-келген бейтаныс адамға сенім артудан абай болыңыздар. Сондай-ақ ақша беру, ақша аудару, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болу қажет.