Шымкент әкімі халықпен кездесуді неге тойханада өткізіп жатыр?

123

«Биылдан бастап тоқсан сайын халыққа есеп беремін» – М.Әйтенов

💬 «Бұрын әкім халықпен жылына бір рет қана кездесетін. Биылдан бастап тоқсан сайын есеп беріп отырамын. «Бұған дейін неге істемедіңдер, енді неге халықпен кездескеш болып қалдыңдар» деп көбі айтуы мүмкін. «Екі жыл бойы ковид болды. Тіпті туысқандарымызбен араласа алмай қалдық. Енді соның орнын толықтырамыз», – деді М.Әйтенов. 

Ол кездесу неліктен тойхана ғимаратында өтіп жатқанын былай түсіндірді.

💬 «Енді тойхана халықтың жері ғой. Әрі барлық мүмкіншілігі бар. Кең, жарық, әдемі. Көп халық сыяды. Сондықтан халықпен кездесуге тойхана ыңғайлы».