Коронавирусты инфекция аурушаңдығы
ковид-19бойынша Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдай, вакцинация және карантиндік шектеулерді жеңілдету жайында сала маманы айтып берді.
Тұрымбетова Айгүл Мелесқызы – Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары:» Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.
Ағымдағы жылғы 5 ақпаннан бастап қала «жасыл» аймақта. жылдың 30 наурызында тіркелгені 2 жағдай, оның ішінде симптоммен – 1 (50,0%), симптомсыз – 1 (50,0%).
18 жасқа дейінгі балалар арасында жағдай тіркелмеді.
1 жағдай медициналық көмекке жүгінгенде және 1 жағдай алдын алу тексеруімен анықталған. Қарым-қатынаста болған 2 адам медициналық бақылауға алынды.
Бүгінгі таңға 5 белсенді үй ошақтар қадағалануда, ұйымдасқан ұжымдардағы ошақтар тіркелмеді.
Қалада COVID-19-ға ПТР тексеру 15 зертханада жүргізілуде. Соңғы тәулікте 183 зертханалық тексерулер жүргізіліп, оң нәтижемен 2 (1,1%) жағдай анықталды.
Оқушылар мен студенттер арасында КВИ аурушаңдық сыныпта, ауысымда және ағында 30%-дан жоғары тіркелмеді.
Тәуекел топқа жататын 596 205 ересек тұрғындар егуге жоспарланып, КВИ қарсы вакцинаның:
1-компонентімен 600840 (100,8%) адам;
2-компонентімен 590385 (99,0 %) адам егілді.
«Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасының 1-компонентпен егілгендер 67062, оның ішінде:
— 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер 53417;
— жүктіліктің 16 -37 апта аралығындағы әйелдер 3882;
— емізулі әйелдер 9763.
2- компонентпен 51391 адам егілді, оның ішінде:
— 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер 41589;
— жүктіліктің 16 -37 апта аралығындағы әйелдер 2952;
— емізулі әйелдер 6850 егілді.
Ревакцинациямен 188309 адам егілді.
Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №16, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №9 қаулыларына сәйкес Шымкент қаласындағы шектеу шаралары жеңілдетілді.
Қаулыға сәйкес, үй-жайларда бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды, алайда медициналық ұйымдарда, қылмыстық-түзеу мекемелеріне барғанда, үй карантині жағдайында бетперде кию талабы өз күшінде қалды.