Абай ауданына қарасты бірнеше көшеде су уақытша тоқтатылады

62

Абай ауданында 6 мамырға қараған түні су құбыры желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Темірлан тас жолындағы, № 8 шағын аудандағы, Республика даңғылындағы үйлер, «Шымкент» қонақ үйі және № 3 шағын аудандағы үйлерде су тоқтайды.

Сонымен қатар, Желтоқсан, Мангелдин, Асқаров, Мамытов, Үркімбаев, Еңбекші , Бостандық, Құрманбеков, Алпыспаев, Мақталы көшелері және Жайлау, Ақниет және Жаңатұрлан шағын аудандары сумен жабдықтаудан уақытша ажыратылады.

Жөндеу жұмыстарының уақыты 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін. Мамандар тұрғындарға осы уақыт аралығына су қорын жинақтауға кеңес беріледі.

Анықтама телефоны: + 7 708 110 2121 (ОДҚ)

 Гүлдана Дәурен