Белсенді экспорттаушылардың саны 540-тан асты

58

Елордада Қазақстан экспорттаушыларының бірінші форумы өтті, оған 70-ке жуық экспорттаушы компания қатысты.

Сауда және интерграциялар министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы белсенді экспорттаушылар саны 540-тан асқан. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді. Форум аясында қазақстандық экспорттаушылар шетелдік нарықтарға жіберілетін тауарларын көрмеге шығарды. Олардың арасында полипропилен су сүзгілері, жануарларға арналған диеталық қоспалар, био-йогурттар мен жеміс-жаңғақ шоколадтары бар.

Барлық экспорттаушылар – экспортты мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қатысушылар.

Шынар Оразова