Шымкентте аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен екі адам ұсталды. Қалалық полиция департаментінің дерегінше, олар кәсіпкердің темекі өнімдерін қолды қылған. Нақтырақ айтқанда, құны 800 миллион теңге тұратын тауарды жымқырып кеткен. Алматыдан алған тауарын таппай қалған кәсіпкер полицияға шағымданған. Жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілер анықталған.
«Жүк Алматыдан Шымкентке логистикалық компания арқылы жеткізілуі тиіс болған. Алайда тасымалдау барысында қаскөйлер тауардың бүкіл партиясын заңсыз иемденіп алған. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде полицейлер екі күдіктіні анықтап, ұстады»
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ
Полиция ұрланған тауардың бір бөлігі кәсіпкерге қайтарылғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Дилара Иса






