Úı ANONS Тауар құнын төлемегені үшін сотқа тартылды

Тауар құнын төлемегені үшін сотқа тартылды

фото kz.otyrar.kz
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Н.» ЖШС-гі жауапкер «О.С.» ЖШС-нен 30 754 875 теңге қарызды, 3 075 488 теңге өсімпұлды, 1 000 000 теңге өкіл қызметіне төленген шығынды және 1 037 530 теңге мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.
Сот отырысында анықталғандай, 2024 жылдың шілде айында серіктестіктер арасында шарт жасалып, талап қоюшы жауапкерге 30 млн. теңгеден аса сомада металл бұйымдары мен болат сымға арналған жартылай өнімдерді жеткізген, ал жауапкер жеткізілген тауардың құның ақшаны төлеу жөнінде өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған.
Сот, тараптарға татуласу құқығын, оның ішінде сотта татуласудың тиімді тұстарын түсіндіргеннен кейін, тараптар татуласып, араларында дауды өзара медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.
Медиация шартына сәйкес, талап қоюшы өзінің талаптарынан бас тартады.
Жауапкер өзінің талап қоюшының алдында 30 754 875 теңге қарызын, 3 075 488 теңге өсімпұлды, 1 000 000 теңге өкіл қызметіне төленген шығынды мойындайды.
Жауапкер талап қоюшыға 34 830 363 теңге берешекті жылдың соңына дейін бөліп төлеуге міндеттелді.
Тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты, азаматтық іс бойынша іс жүргізу өндірістен тоқтатылды, талап қоюшыға 1 037 530 теңге мемлекеттік баж сомасы қайтарылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.