Цифрландыру саласы бойынша

63

2021 жылға базалық станциялардың санын ұлғайту және байланыс сапасына толық талдау жүргізу мақсатында өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесе 4 ауданға қарасты 110 шағын аудандармен тұрғын алаптардың тізімі жинақталып, толық талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, интернет сапасы төмен 22 елді мекен анықталып, оларды сапалы инетрнетпен қамту үшін жол картасы әзірленді.
Бүгінде, мобильді байланыс операторларымен бірлесе 22 елді мекенге базалық станция орнату үшін орталықпен келісім жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған 22 базалық станцияны 2022-2023 жылдары орнату жоспарлануда.
2020 жылдан бастап Шымкент қаласын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, қаланың мобильді интернетпен қамтылу көрсеткіші 82% құрады.
Ал, 2021 жылдың қортындысы бойынша жалпы көрстекішті 91%-ы жеткізу жоспарлануда.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова