Кеден бекеттерінде көлеңкелі бизнес саны азайып, салық көлемі артты

0

Кеден бекеттеріне жүргізілген тексерулерден кейін көлеңкелі бизнес саны азайып, салық көлемі едәуір артып келеді. Бұған дейін Бас прокуратура бір ғана «Нұр жолы» бекетіндегі былықтан мемлекетке 165 миллиард теңгеге залал келгенін хабарлаған еді.

Онда тауарларды жалған декларациялаудың 400-ге жуық фактісі анықталған болатын. Қаржы министрі шекарадағы заңсыздықтан болған залал биыл толығымен бюджетке қайтарылатынын жеткізді.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі:
«Осы кеден саласынан тауарларға төленетін салық пен баж салығының есебінен 175 млрд. теңгеден астам қаражат түсті жыл басынан. Бұл былтырғы жылдың осы кезімен салыстырғанда 25 пайызға артық».

Шынар Оразова