Úı ANONS Жоспардан тыс тексеру: 36 млн. теңге айыппұл салынды

Жоспардан тыс тексеру: 36 млн. теңге айыппұл салынды

Шымкентте санитарлық талаптар қаншалықты сақталып жатыр? Үшінші мегаполисте санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты бақылауда дейді департамент басшысы Алдарқұл Ахметов. Оның айтуынша, былтыр жоспар бойынша 50-ге жуық нысан тексерілген. Нәтижесінде, бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, талапқа сай жұмыс істемеген кәсіпкерлерге айыппұл салынған. 

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, әр жарты жылдықта жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Яғни, тұрғындардан түскен шағымдар мен нақты деректер негізінде бірқатар қоғамдық тамақтану орындары, сауда нысандары және балабақшалар бақылауға алынған.

Сонымен қатар, мектептерде шағымданушылардың арызына сәйкес тексеру жүргізілген. Десе де, олқылықтарлың орнын толтыруға білім ұяларына уақыт беріледі дейді маман. Егер де, нұсқаманы орындамаған жағдайды шара қолданылады екен.

«Бізде 6 нысан тексерілді. Оның бесеуі бару арқылы профилактикалық бақылау арқылы. Ал, біреуі тексеру кестесіне сәйкес тексеру. Профилактикалық бақылау кезінде бару арқылы, кемшіліктер анықталса, айыппұлдар салынбайды. Ал, тексеру кестесіне сәйкес болса, біліктілік талаптарына сәйкес тексеру болған соң, кемшілік анықталса, айыппұл салынады».

Бұдан бөлек, жоспарлан тыс тексеру де назардан тыс қалған жоқ. Көбіне санитарлық тазалық, тағам өнімдерін сақтау талаптары мен қызметкерлердің медициналық құжаттарына қатысты арыз-шағымдар түседі екен. Мұндай жағдайда, бірден жоспардан тыс тексеру ұйымдастыралады дейді басшы. Мәселен, былтыр мамандар 175 нысанға барған. Нәтижесінде, бірқатар кемшіліктер анықталған.

АЛДАРҚҰЛ АХМЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Одан бөлек жалпы бізде, жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 175 тексеру. Арыз-шағымдарға қатысты. Барлық мекемелерге қатысты. Оның ішінде 140 айыппұл салынды. 36 млн. 38560 теңгеге салынды».

Жауапты сала өкілдері санитарлық талаптарды сақтау, тұрғындар қауіпсіздігінің басты кепілі екенін ескертеді. Тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады дейді мамандар.

Нұргүл Жолымбетова