Шымкентте өрт сөндіру кезінде ер адамның денесі табылды

34

21 мамыр күні сағат 21:45-те 101 пультіне Еңбекші ауданы, Тәуке хан даңғылының бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ОТЫРАР.

Өрт сөндіру қызметкерлері 2 қабатты (жалпы көлемі 400 ш.м) ғимараттың бірінші қабатында 200 шаршы метр аумақта ағаш тақтайша өртенгенін анықтады.

Өрт 22:17-де оқшауланып, 22:27-де толық сөндірілді.

Өртті сөндіру кезінде ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды, қазір оның жеке басы анықталып жатыр.

Өрттің шығу себебін Шымкент полициясы анықтап жатыр.