Шымкентте өрт сөндірушілер балаларды тілсіз жаудан құтқарып қалды

66

 10 мамырда сағат 18:45-те «112» құтқару қызметіне 4-шағын ауданда көше бойында орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттың жертөлесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.  Жертөледе 2011 және 2012 жылы туылған екі бала отпен ойнап, нәтижесінде өрт шығып, балалар өздігінен шыға алмай қалған.

Оқиға орнына мамандандырылған жасақ қызметкерлері жедел жөнелтілді.

Тұншығып, шошып қалған балалармен «112» қызметкерлері үнемі байланыста болып, тәртіп бойынша нұсқау берді.

Өрт орнына тез жетіп, мамандандырылған отрядтың қарауыл бастығы Р.Писменский, аға өрт сөндірушілер Б.Сихымбаев, Б.Лескен, ГДЗС аға бригадирі У.Қуантай түтін басқан жертөлеге кіріп, балаларды арнайы тыныс алу аппаратына қосты. Дер кезінде қауіпсіз жерге апарып, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлеріне тапсырды.

Осылайша өрт сөндірушілер 2 баланың өмірін сақтап қалды.

Жертөледе 6 ш.м. қоқыс жанған. Өрт 19:12-де оқшауланып, 19:31-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 3 бірлік техника, жеке құрамнан 13 адам, Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды.