Úı ANONS Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасында заманауи құрылғылар орнатылды

Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасында заманауи құрылғылар орнатылды

Шымкенттегі  клиникалық балалар ауруханасында  хирургиялық қызметті дамыту  мақсатында жаңа профильдер ашылды. Нақтырақ айтсақ, нейрохирургиялық,  күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметі жолға қойылды.

Нейрохирургиялық отаны жандандыру мақсатында заманауи аппараттар орнатылды. Сонымен қатар, неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайды. Айта кетейік 315 төсек-орынға лайықталған клиникалық балалар ауруханасында 20 профильді бөлімше бар. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған медициналық мекеменің 8 бөлімшесі хирургиялық бағытта қызмет көрсетеді.

 Гүлдана Дәурен