2022 жылдың 5 маусымы – еліміз үшін маңызды күн!

39

Бұл күні Қазақстан халқы Жаңа Қазақстанды құру жолында өз таңдауларын жасамақ! Қазақстан Республикасының әрбір азаматы бұл маңызды шараға өз үлестерін қосуы тиіс. Себебі, Конституциямызға енгізілетін өзгерістер халқымыздың жағдайын жақсартуға бағытталған.

Осы орайда, азаматтарды таңдау жасауға түгел қатысуға шақыра отырып, бірқатар сақтық шараларын сақтауды ұсынамыз!

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігерінің 2022 жылғы 31 мамырдағы №26  қаулысымен бекітілген Республикалық референдумды өткізу кезінде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі алгоритмге сәйкес, ең алдымен, адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуі тиіс, жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда, үй-жайларды жүйелі түрде желдету керек.

Сонымен қатар, дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды және барлық жұмыс беткейлерін жуу құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинау, дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының мамандарымен аталған қаулыға сәйкес жергілікті атқару органдары және басқа да тиісті ұйымдастырушылармен түсіндіру және санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Азаматтарды коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында санитариялық талаптарды сақтай отырып, сау болуға шақырамыз.

Біз Қазақстанның жаңаруын қолдаймыз!

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы