Шымкентте өткен жылы шалғай орналасқан 10 елді мекен жоғары жылдамдықтағы интернет жүйесіне қосылған еді. Ал биыл цифрландыру басқармасы тағы 15 елді мекенге сапалы интернет тартуды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда Забадам, Самал-3, Құрсай, Қазығұрт және Қарабастау елді мекендеріне толықтай талшықты оптика желісі жүргізіліп жатыр.
Жыл соңына дейін Солтүстік-Батыс, Ақниет, Қызылжар, Асар-2, Ынтымақ, Жайлау, Қарасу, Мирас,Мартөбе, Қайнарбұлақ саяжай аумағында 165 000 — нан аса тұрғын жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылады.
Мөлдір Ибадуллаева