Ресми мәлімдеме: Елімізде қант тапшылығы болмайды

103

Ел аумағында қант тапшылығы болмайды.

Интеграция министрлігі ресми мәлімдеме жасады. «Қазір халық арасында тапшылық туындап, қанттың бағасы қымбаттады. Бүгінде бір келісі 420-430 теңге аралығында деп бекітілді. Ал бағаның өсуі тікелей делдалдарға байланысты. Бірақ қант жоқ»,-деп дүрбелең тудырудың қажеті жоқ дейді олар

Еліміздегі үш зауыт мамыр айында 33 мың тонна қант өндірген. Маусым айында бұл көрсеткіш 44 мыңға жетеді. Қазіргі күні қорда қанттың 66 тоннасы бар. Тағы 100 мыңы елге квота арқылы жеткізіледі.

Шынар Оразова