«Сергекті» соғып кеткен азамат шығынды өтейтін болды

88

Күні кеше Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Тәуке хан даңғылы бойында “BMW” маркалы автокөлігінің жүргізушісі өз басқаруындағы көлікті игере алмай, көше бойында орналасқан ағаштарды және электр бағанын соққан. Салдарынан, азаматқа ешқандай залал келген жоқ. Алайда, бағанада орналасқан “Сергек” бейнекамералары зақымданған.

Қазіргі таңда көлік тізгіндеушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігі «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Алдағы уақытта ер адам келтірілген шығынды өтейтін болады.