Шымкент: «Samsung» компаниясының жаңа инновациялық өнімдерінің таныстырылымы өтті

118

«Samsung» компаниясы соңғы үлгідегі заманауи технологияларын көпшілік назарына ұсынды. Әлемдік техника алпауыты жаңа өнімдерін көшпелі road-show-да таныстырды. Шоу қонақтарына тың бизнес-өнімдері мен тұрмыстық техника құралдарын көрсетті. Мұнда келушілер «Samsung» компаниясының ерекше өнімдерін өз көздерімен көріп, тіпті сынақтан өткізіп көрді.

Төтенше жағдайда жұмыс істеуге арналған Смартфон, су өткізбейтін планшет және жарықдиодты лэд-экран. Шымкентте «Samsung»компаниясы инновациялық гаджеттерін таныстырды. Олар қонақ үй, мейрамхана бизнестерінде қолдануға қолайлы техникалар.

Руслан Есімов, «Samsung electronics»мобильді шешімдер жөніндегі корпоративтік бөлімінің басшысы: «Біздің мақсатты аудиториямыз — денсаулық сақтау, білім беру және күш құрылымдары. Бүгін біз өз жаңалықтарымызды ұсындық. Атап айтқанда, бұл әскери стандарттарға сәйкес келетін планшеттер, смартфондар. Біздің шешіміміз Samsung Knox бағдарламалық жасақтамасының көмегімен жылдамдық арттыру және ақпаратты қорғау арқылы қызметкерлердің тиімділігін арттыруға көмектесетініне сенімдіміз».

«Samsung-тың» жаңа технологиялары роуд-шоу қонақтарын таң қалдырды. Мамандар заманауи техниканың қосымша мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берсе, іс-шара қонақтары «bespoke»жаңа сериялы инновациялық тоңазытқыштың артықшылығын сынап көрді.

Бұл тұрмыстық техниканың басты айырмашылығы — сатып алушы, өзіне ұнаған құрылғысының панельдерін жылтыр металлдан не күңгірт шыныдан өздері қалағандай жеке дара дизайнда таңдауға мүмкіндігі бар. Ал тұсаукесердегі » Samsung » компаниясының басты жаңалығы — бірегей интерактивті тақта болды.

Дәуірхан Пірмағанбет, «Алан» халықаралық мектебінің басқарушы директоры: «Маған самсунг компаниясынан ұнаған өнім интерактивті тақта. Мұның ерекшелігі — балаларға беретін ақпараттардың бәрін визуалды түрде көрсетіп беруге мүкіншілігі бар. Мұғалім планшетке ақпаратты қойған соң, тақтаға синхронизация жасау арқылы оқушыға қызықты етіп жеткізуге жақсы мүмкіншіліктер бар. Сонымен қатар балалар тақтаның үстіне бояп, сызып көре беруіне де болады».

Шымкентте «Риксос» қонақ үйінде бастау алған «Samsung» компаниясы өнімдерінің роуд-шоуы бұдан кейін Атырау, Өскемен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында да өтетін болады.

Ерік Ермеков,  «Samsung electronics» компаниясының корпоративтік сату директоры: «Бүгінгі өткізіліп жатқан конференциямыздың баста мақсаты — өкіметте болсын немесе жеке кәсіпорындардың жұмысының дамуына көмектесу үшін самсунг электроникс компаниясының жаңадан шыққан ІТ продукттерін, технологиясын көрсету, бөлісу. Және де қандай кәсіпте қолданатынын, сондай-ақ қандай жетістікке сонымен бірге жетуге болатынын түсіндіру».

«Samsung» заманауи жаңа өнімдерінің функционалдық шеңберін кеңейтіп, үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл құрылғылар иелерінің қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың күнделікті өмірін жақсартып, оны барынша жайлылық пен жарқын эмоцияларға толтырады.

Әсел Мәлік