Түркістан: Сапалы интернет пен ақпараттық қызмет қолжетімді

148

Туризм индустриясын дамытудың2019-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыты – туристік қызметтер нарығындағы цифрландырудың деңгейін жоғарылату. Осыған орай, елімізде айтулы бағытта қызмет көрсету барысын оңтайландыру ісі жолға қойылған.

Бұл бастама саяхатты жаны сүйетіндерді елімізге тартуға және олардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.

Жаңа Түркістан еліміздің көз тартарлық ерекше, көрікті жерлерінің біріне айналып келеді. Ахмет Яссауи кесенесінің тарихымен кеңірек танысуды көздеген туристер саны да жылдан жылға артып отыр. Оларға жағдай жасау мақсатында тың жобалар жүзеге асуда.

Мавзолейдің төңірегінде бой көтерген рухани-мәдени кешенінде келушілер ұшін сапалы ұялы байланыс қолжетімді. Былтыр жыл соңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түркі елдерінің астанасы Түркістанда 5G мобильді интернет қосылды.


Абылайхан Қалықұл, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы: «5G мобильді интернет 2021 жылы желтоқсанда  республика аумағында алғашқы болып Түркістанда  өндірістік қолданысқа қосылды. Жоғары жылдамды мобильді интернет құрылғысы  әуежайдан бастап, әкімшілік іскерлік орталығы, Конгресс холл, стадион, рухани- мәдени орталығы, оның ішінде Керуен сарай кешенінде, Мавзолей, Экобазар және Риксос қонақ үйінде орнатылған. Бұл интернет 5 буыны өте жоғары жылдамдықта істейді, Цифрлық жоба  5G Түркістан облысында дамиды. Ол әзірге актив, кселл мобильді интернет арқылы, болашақта Теле-2, Билайн, барлық опеаторлар қосылады».

 

Елнұр Өтебаев, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы: «5G  мобильді интернеті Еуропада жоқ. Таяу Шығыста,  Қытайда тесттен өтуде. Мұндай жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін 5G  мобильді интернет  Орта Азияда жоқ. Тек Түркістанда қолданыста».

Аймақта туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жаңа технологиялар кеңінен пайдаланылуда.

«Біздің басқарма полиция департаментімен бірлесіп 11 дабыл нүктесі құрылғысын орнатты. Мақсаты құрылғыдағы  бейнеокамера арқылы жедел басқару орталығымен хабарласып, дер кезінде мәселен зат ұрланса тез арада полиция келеді. 102 барлығы тіркеледі, ол мәліметтер сақталады», дейді, құрылғыны жұмыс барысында көрсеткен Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы Абылайхан Қалықұл.

Елімізде туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі өңірді туристерге тартымды ету – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Сондықтан мұнда, көне тарихи-мәдени нысандар, ондағы жәдігерлер , зиярат ететін қасиетті жерлер, демалатын табиғаты керемет орындар жайлы ақпаратты қол жетімді ету бағытында тиімді жоба жұмыс істеуде.

Осында  орналастырылған  Түркістан мобильді қосымшасын жүктеп барлық ақпарды аласыз.

Түркістанда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы көптеген жобалар келешекте облыс аумағындағы тарихи мәдени орындарда жүзеге асырылмақ.

Шынар Оразова