Úı ANONS Түркістанда жыл басынан бері 130 келіге жуық есірткі тәркіленді

Түркістанда жыл басынан бері 130 келіге жуық есірткі тәркіленді

Түркістан облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 130 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

2022 жылдың 5 айында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 185 дерек пен 123 есірткі теріс қылықтары тіркелген. Оның ішінде есірткі контрабандасы-11, есірткі сату-24, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 9 жайт анықталған.

Сондай-ақ 17 есірткі өсімдігін егу деректері ашылып отыр. Ал ғаламтор желісінде есірткіні насихаттайтын құқыққа қарсы контентті анықтау және мониторингілеу кезінде 143 «наркосайтты» анықтап, барлығына шектеу қойылды.

Мөлдір Ибадуллаева