«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкент филиалына 18,37 млн. теңге сомаға айыппұл салынды

0

«КазТрансГаз Аймаө» АҚ-ның Шымкент филиалына 18,37 млн. теңге сомаға айыппұл салынды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалына қатысты тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 4 әкімшілік хаттама толтырды.

Хаттамалар табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамағаны үшін толтырылды, онда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірісітік филиалы берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталғаны туралы ақпарат алып, заңнамада белгіленген мерзімдерде реттеліп көрсетілетін қызметке қосуды жүзеге асырмады, бұл өз кезегінде «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24 және 26-баптарын өрескел бұзу болып табылады.
Аталған әкімшілік істерді Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Шымкент өндірісітік филиалы жалпы сомасы 18 378 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салынуымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шынар Оразова