Отандық кәсіпорындар көрмеге өз өнімдерін ұсынды

22

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ресейлік ірі компаниялар басшыларымен кездесіп, ынтымақтастықты бекіту жолын қарастырды.

Көрме
көрме /көрнекі фото/

Екатеринбург қаласында өтіп жатқан XII «Иннопром» халықаралық көрмесінде биыл Қазақстан алғаш рет серіктес ел. Отандық 200-ден астам кәсіпорын өз өнімін ұсынды. Оның ішінде цифрландыру, металлургия, энергетика, машина жасау саласына қызығушылық жоғары. Үш күнге жалғасатын халықаралық шара аясында ірі бизнес жобаларға қол қою жоспарланып отыр.

Шынар Оразова