Шымкентте жас қыз сауда үйінің төбесіне құлап кетті

31

Шымкент қаласы ТЖД Бірыңғай кезекшілік басқару пунктіне 2022 жылғы 29 шілдеде сағат 08:11-де «102» полиция қызметінен хабарлама түсті. Хабарламада Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйдің 1-қабатына жапсарлама салынған «Имран» сауда орталығының шатырына 3-қабаттың терезесінен 1997 ж.т. азаматша абайсызда құлап түскені туралы айтылған.

Хабарлама бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасақтың 4 құтқарушысы оқиға орнына жетіп, альпинисттік құралдарын пайдаланып, зардап шеккен азаматшаны (оң аяғы жабық сынық) шатырдан түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.