Шымкенттік полицейлер жергілікті тұрғындарды өрттен құтқарды

42

Полиция қызметкерлерінің оқыс оқиға кезінде салғырттық танытпай, өзгелердің өміріне селқос қарамай, қызметтік міндетін адал атқаратындығы ерлікпен пара-пар. Осы тұста, Жедел басқару орталығынан 102 сымтетігі арқылы Патрульдік полиция полкінің кезекші бөліміне шақырту келіп түсті.

Онда Отырар мөлтек ауданында өрт болып жатқаны туралы хабарланды. Полиция қызметкерлері шұғыл түрде оқиға орнына барды. Олар уақыт жоғалтпай өрт сөндірушілері келгенше пәтер тұрғындарына өз бетінше көмек көрсетті.
Өрт кезінде Патрульдік полиция полкінің 4-рота қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Умералиев Мусакан мен Кубеев Ғабит көршілердің айтуы бойынша 3-ші және 5-ші қабатта адамдар бар екенін біліп, оларды тілсіз жаудан арашалауға кіріседі. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары өрт шыққан ғимараттан жаңа туылған нәресте мен мүгедек қарт кісіні құтқарды.
Шымкент қаласы ПД Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің кәсібилігі мен қырағылығының арқасында азаматтар өрттен дені сау, ешбір дене жарақатынсыз аман қалды. Яғни, оқиға кезінде адам шығыны болған жоқ.