Тұрғын үйді жалға беру бағдарламасы үшін «Отбасы банкіне» 3 млрд. теңге аударылды

40

Тұрғын үйді жалға беру бағдарламасы үшін «Отбасы банкіне» 3 млрд. теңге аударылды. Жалпы республикалық бюджеттен бұл бағдарламаға 40 млрд. теңге қаралған.

«Отбасы банкі» 6 мыңнан аса өтінішті қабылдап, мақұлдады. Жауаптылар қазір азаматтардың өтінішін қабылдау процесі жеңілдегенін айтады. Банктің ресми сайты ақылы онлайн құжат тапсыруға мүмкіндік бар. Бағдарламаның шарты бойынша 50% – мемлекет есебінен өтеледі. Қалған 50%-ды баспананы алған азамат төлейді.

Пәтерді жалға алу бағдарламасына 4 санат бойынша үй кезегінде тұрған адамдар қатыса алады. Олар бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және олардың отбасы, ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалар мен көпбалалы отбасылар.

Шынар Оразова