Түркістан облысының медицина мекемелеріне 75 634 206 теңге айыппұл салынды

57
Bereavement, death or loss concept shot of empty bed, gurney or stretcher with drip in hospital corridor

 

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында меншік нысанына қарамастан 1 752 медициналық ұйым, оның ішінде 123 стоматологиялық кабинет, 59 стационар, 1456 амбулаториялық-емханалық мекеме және т.б. бар.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 343 медициналық объектілерде тексеру жүргізді. Нәтижесінде кейбір объектілерде ыстық судың болмауы, желдеткіш жүйелерінің жоқтығы, медициналық қалдықтарды жинау мен сақтау талаптарының сақталмауы сияқты бірқатар кемшіліктер анықталып, бұзушылықтарды жою бойынша 75 634 206 теңге сомасында 1372 айыппұл санкциясы салынды, 90 санитариялық ұйғарым берілді. 49 медицина қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді, 11 материал сотқа жолданды.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың санитариялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелердің басшыларын, сондай-ақ барлық медицина қызметкерлерін ҚР ДСМ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен қағидаларды сақтауға және бейінді салалар бойынша функционалдық міндеттерді орындау бойынша жұмыс жасауға шақырады.

Медициналық ұйымдарда санитариялық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық-стерилизациялық талаптарды сақтамау өз кезегінде объектіде түрлі қауіпті инфекциялық аурулардың таралуына әкеп соғуы мүмкін.