Жалдау ақысының 50 пайызын мемлекет төлейді-1201 азаматтың өтініші мақұлданды

51

Бүгінде тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялау бойынша баспана кезегіндегі 1201 азаматтың өтінімі мақұлданды. Бұл туралы Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мәлімдеді.

Жалпы, аталған бағдарламаға кезекте тұрған 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар және көп балалы отбасылар қатыса алады.

Жанат Утебаева, Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы:
«Қазіргі таңда тұрғын үй басқармасымен «Отбасы банк» АҚ арасында келісімшарт түзілуде. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген соң тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша өтінімі мақұлданған азаматтардың 50 пайыз жалдау ақысы мемлекет тарапынан төленетін болады»

Бағдарламаның тағы бір шарты үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. Яғни, ол шамамаен 36 018 тг.

Бүгінде өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен www.otbasybank.kz сайтында онлайн түрде қабылдануда.
                                                                                               Мөлдір Ибдауллаева