Жандос Жұмабаев: Кәсіпкерліктің дамуына басты кедергі – сыбайлас жемқорлық

96

Бүгін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Іс-шараға кеңес төрағасы Мелес Сейтжанов пен кеңес мүшелері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері қатысты.

Бизнесті қорғау, инвестициялық жағдайлар жасау, кәсіпкерлердің шағымдарын қарау және оларды шешу – кеңестің міндеті.

«Мемлекет Басшысы бірнеше рет атап өткендей, «Кәсіпкерлікті қолдау бизнеске ерекше назар аударуды білдіреді». Кәсіпкерліктің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын негізгі мәселе – сыбайлас жемқорлық факторы. Аталған салада жемқорлықты болдырмау мақсатында Агенттік тиісті жұмыстарды қолға алған» – деп атап өтті Жандос Жұмабаев.

Сондай-ақ спикер Агенттік бизнестің мүдделерін қозғайтын кез келген тергеу әрекеттерін қосымша келісуді көздейтін алгоритм әзірлегендігінен хабардар етті. Негізсіз ұстауларға, тінтулерге, негізсіз ақпарат алуға жол бермеу мақсатында қызметкерлердің іс-әрекеттеріне бақылау қатаңдатылады.

Одан бөлек, Кеңес отырысында көліктік бақылау инспекциясы қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері баяндалды. Ауыр жүк көліктерін бақылаудың төмендігіне қатысты тәуекелдер анықталды (тіркелген көліктердің тек 6 % ғана тексерілсе, ал жолаушылар тасымалында 4 есе көп тексерілген – 129%).

Сондай-ақ, бейне жетондарды пайдалану кезіндегі кемшіліктер қарастырылды. Ауысым ішінде инспекторлар тексеру әрекеттерін 1,5 сағаттан асырмай тіркеген.
Әкімшілік практиканың нәтижелері жолдарда тиісті бақылауды қамтамасыз етпейді. Бір инспекторға 5

жұмыс ауысымы ішінде қайта тиеу үшін бір ғана әкімшілік материалдан келеді.
Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері көлік саласы – ең маңызды салалардың бірі болып табылатындығына және бұл бағыттағы жұмыстар әрқашан бақылауда болатындығын жеткізді.

Жиын соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев бизнесті қорғау басты міндет екендігін жеткізіп, белсенді өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа шақырды.