«Басы мен терісі ғана қалған»: Ер адам жайылып жүрген биені сойып, етін ұрлап кеткен

28

Түркістанда белгісіз азамат жайылымдық жерде жүрген биені сойып, етін ұрлап кеткен. Созақ аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын биесінің тек басы мен терісін ғана тапқан.

Жәбірленушіге келген шығын көлемі 500 000 теңге. Полиция қызметкерлері бұл істі ҚР ҚК-нің 188-1 «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды. Күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті азамат құрықталды.

Белгілі болғандай, ер адам ұрлаған етін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.

Мөлдір Ибадуллаева