Бір айда «i-Shymkent 109» арқылы 17 мың мәселе шешімін тапқан

35

Шымкентте маусым айында 17 197 арыз-шағым түскен, оның ішінде 16 915-і орындалған, ал қалған 282 арыз орындалу барысында. Бұл туралы «i-Shymkent 109» орталығының басшысы Азат Әміртаев мәлімдеді.

Тұрғындар көбіне «Tolem» картасында орын алған ақаулар, жарықтың ескертусіз сөнуі, Нұрсат шағынауданындағы электр желісінің жиі істен шығуы, Қошқар ата өзені аумағының тазалығы, қоғамдық көліктер жүру кестесі нормаларының сақталмауы, автобус сызбасының өзгеруі секілді мәселелерді көптеп көтерген.

Жиында жауапты мекемелердің рейтингісі жарияланып, сапасыз жұмыстар үшін қала әкімі тарапынан кейбір басшыларға қатаң ескерту берілді. Қоғамдық көліктерге қатысты жүйелі тексеру шараларын ұйымдастыруды, сонымен бірге, электр қуаты бойынша Энергетика басқармасына нақты тапсырмалар жүктеді.

Мөлдір Ибадуллаева