Шымкентте қосымша білім беру жүйесі бойынша республикалық форум басталды

82

Шымкентте қосымша білім беру жүйесі бойынша республикалық тамыз форумы басталды. Конференцияға Қазақстан мен алыс-жақын шетелдегі педагогтер қатысып жатыр. Секцияның мақсаты – қосымша білім беру саласындағы республиканың ресурстарын өзектендіру. Әрі форум арқылы кәсіби коммуникация және мүдделі мамандардың тәжірибе алмасуы үшін ұйымдастырылған.

Үшінші мегаполистегі тамыз форумында мектеп жасындағы баларды қосымша біліммен қамту мәселесі талқыланды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам педагог қатысқан конференцияда қосымша білім беру орталықтарының бір жылда атқарған жұмысы мен алдағы жоспары айтылды. Сондай-ақ әр өңірдің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасты.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы: «Біздің әлі үйренеріміз көп деп ойлаймын. Себебі, осы бірініші кезекте қосымша білім беруге Президентіміздің тапсырмасына сай түрлі іс-шаралармен бағыт-бағдарлар бүгінгі күні қолға алынуда. Ағаш өңдеу саласы, спорт, мәдениет, мектеп және театр салалары бойынша, яғни мына балаларды қосымша білім берудегі барлық салалының түрдерін қалай қамту жұмыстары бойынша осы біздің еңбектерімізбен, жұмыстарымызбен бөлісе отырып, министрлік тарапынан қойлып отырған талаптарды бағты-бағдар беретін болады».

Республикалық конференцияда технологиялық білім беру, туристік-өлкетану және экологиялық-биологиялық қызметте инновациялардың жаңа форматы ұсынылды. Сондай-ақ жауаптылар қосымша білім беру саласындағы проблемаларды талқылады.

Раиса Шер6  Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры: «Біз бүгінгі форумда шығармашыл жастарды қолдау мақсатында айтылған түрлі жаңа идеяларды тыңдадық. Алдағы уақытта қосымша білім беру ұйымдарында электронды күнделік енгізілу мәселесін қарастырамыз. Бұл тек мектепте ғана емес, қосымша орталықтарда да қажет. Жалпы соңғы кездері мұндай орталықтар көптеп ашылып жатыр. Бұл балаларға үлкен мүмкіндік».

Бүгінде Шымкенттің өзінде 9 қосымша білім беру мекемесі бар. Оның бірі «Оқушылар сарайы». Мұнда 20 бағыт бойынша 160 үйірме бар. Ал шығармашылыққа жақын балаларға 150-ден астам ұстаз дәріс беруге дайын.

Бақытжан Нұрғазыұлы, Оқушылар сарайының директоры: «Негізге бағыты өнер саласы. Оның ішінде би, вокал салаларына өте көп қызығушылық танытады. Оқушылар сарайына 7 000 – нан астам бала келіп, өздеріне қажет білімдерін алып кетіп отырады».

Айта кетейік, конференцияға қатысушылар Оқушылар сарайы мен Балалар өнер мектебінің жұмысымен танысты. Әрі мегаполис мектептеріндегі өнерлі балаларды шығармашылығын тамашалады. Мұнымен қоса, педагогтерге тарихи орындарға экскурсия қарастырылған. Айта кетейік, форум екі күнге жалғасады.

Мөлдір Ибадуллаева