«Жаңа Қазақстан: Жастардың бірлігі мен жауапкершілігі» атты республикалық форум өтті

18

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Жаңа Қазақстан: жастардың бірлігі мен жауапкершілігі» атты республикалық форум өткізді. ҚР Білім және ғылым министрлігі, әкімдіктердің Жастар саясаты мәселелері басқармалары, республикалық жастар қозғалысы өкілдерінің және Жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, жастармен жұмыс істейтін мамандар, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының төрағалары мен алғыр білім алушылардың қатысуымен өткен жиын ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі тезистерін талқылау және түсіндіру, сондай-ақ еліміздің академиялық және студенттік қоғамдастығының алдында тұрған міндеттерді іске асыру бойынша одан әрі іс-қимылдарды анықтау.

Форумға Қазақстанның 10 шақты университетінен 100-ге жуық студент-жастар қатысты.