Түркістан қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мамандарынан құрылған топ шаһардағы жарнамалар мен тамақтану орындарындағы ас мәзірінің Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкестігін тексеруде.
Рейд барысында жұмысшы топ 30-ға жуық тамақтану орнының мәзірін бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша иелеріне заңның талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ 20-ға жуық жарнамадан олқылықты анықталды. Заңға сәйкес хабарландыру, жарнама, прейскурант, баға белгілері, мәзір, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпараттар ең алдымен мемлекеттік тілде жариялануы тиіс. Тек қажет болған жағдайда ғана басқа тілде орналастыруға болады. Нысандардағы маңдайшадан бастап, ас мәзірлеріне дейін қазақшалануы тиіс. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары жалғасады.
Мөлдір Ибадуллаева