Úı ANONS Қазақ тіліндегі жарнамаға салғырт қарайтын кәсіпкерлер бар

Қазақ тіліндегі жарнамаға салғырт қарайтын кәсіпкерлер бар

Шымкенттегі кейбір кәсіпкерлер мемлекеттік тілдегі жарнамаға салғырт қарап отыр. Жыл басынан бері қазақ тілінде қате жазылған жарнамалар үшін 20 бизнес өкіліне ескерту жасалған. Бірі «ө» мен «о»-ны, «ұ» мен «у»-ды шатастырса, енді бірі қазақша жарнама ілуді мүлде қажет деп санамаған. Дегенмен жауапты органдар бұл мәселе басты назарда екенін айтты.

БАУЫРЖАН ОРЫНТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Тіл туралы заңға байланысты бізде жазылу мәселесі. Бірінші кезекте қазақша, сосын басқа тілде жазылуы керек. Сол бойынша біз арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз, ескерту береміз. Ескертуді орындамаған жағдайда хаттама толтырамыз. Оны тағы орындамаса, арнайы тіркеліп, айыппұл салуға да құқығымыз бар».

Лаура Бабас