Жеңілдетілген автонесие: Қыркүйекте бағдарламаның кезекті кезеңі басталады

37
фото opennews.kz

Жеңілдетілген автонесиелеу: тағы бір банкке 10 миллиард теңге берілді. Бұл шешімді өнеркәсіпті дамыту қоры қабылдады.

Сонымен Еуразия банкі – 35 млрд, Центр кредит — 27,5 млрд, Халық банкі — 22,5 млрд, Форте банкі — 15 млрд теңге көлемінде несие бере алады. Бүгінгі күнге дейін жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша 31 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 12 мыңы бойынша оң шешім қабылданып, 10 мыңнан астам азамат жаңа көлікті болды.

Темір тұлпар алуға ниет білдіргендердің дені –Алматы мен Нұр-Сұлтанннан болса, Түркістан өңірінің тұрғындары көп құлық танытпаған. Енді кыркүйекте бағдарламаның кезекті кезеңі басталады.