Мақтааралдық полицейлер базар аралап жүр…

84

Өрт – тілсіз жау. Қазіргі таңдағы қоғамдағы ең қауіпті құбылыс. Сондықтан оны болдырмаудың алдын алу барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Осы тұрғыда Мақтаарал ауданы полиция бөлімі ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен бірлесіп, өрттің алдын алу мақсатында арнайы шара ұйымдастырды. Яғни аудандағы базарлар мен сауда орындарындағы қылмыстардың алдын алу үшін арнайы базар иелері мен сатушылармен кездесіп, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында, полицейлер кәсіпкерлерге қауіпсіздік шаралары, тауар ұрлығының алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау мәселесін талқылады. Өрт болған жағдайда қандай шаралар атқарылу керектігі жайлы да сөз қозғап, базар сатушыларының туындаған сауалдарына тұщымды жауап берді.
Облыс полицейлері тұрғындарға өрт сөндіру заттары – ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар қолданылатындығын ескертеді.