Сайрамда 62 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанды

52

Сайрам ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев көпбалалы аналармен кездесіп, марапатты салтанатты түрде табыстады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 шілдедегі №969 Жарлығына сәйкес, жалпы 62 көпбалалы ана құрметке бөленді. Оның 29-ы Ақсукент, 11-і Ақбұлақ ,10-ы Арыс , 8-і Қарасу , 4-і Жібек жолы ауылынан. Марапатталғандардың ішінде басым бөлігі үй шаруасындағы аналар.