ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Мұндағы мақсат, Келес ауданында жүзеге асырылып жатқан бірқатар инфрақұрылымдық жобалармен танысу. Сапар барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары мен аудан әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, нысандардың орындалу деңгейін таныстырды.
Сапарын Келес ауданына арнаған Ералы Тоғжанов бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Ол Ақсу елді мекеніндегі ауыз су құрылысының барысымен танысып, жобаның іске асырылу, ауыз сумен қамту көрсеткіштері жөнінде ақпарат алды.
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі мұнан соң, тұрғындармен тілдесіп, халықты инфрақұрылыммен қамту шараларын пысықтады. Мұнда су құбырларын тарту, насос стансасын орнату және тұрғын үйлерді орталықтандырылған су жүйесіне кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізілген.
Айта кетейік, өткен жылы Келес ауданында 13 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары жүзеге асырылған. Аталған жобалар қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған.
Нұргүл Жолымбетова






