Түркістан облысы Келес ауданында туған баласына алимент төлемей, жалтарып жүргендердің берешегі 167 миллион теңгеден асқан. Алимент төлемеудің себебі көп. Оның бірі – жұмыссыздық. Аудан прокуратурасы осы мәселеге қолғабыс болу мақсатында форум өткізіп, еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге алимент төлеушілермен қоса провациялық бақылауда жүргендер де қатысты.
Алимент төлеу «Неке және отбасы туралы» заңымен реттеледі. Нақтырақ айтқанда, ата-аналардың балаларға алимент төлеу, ерлі-зайыптылар арасындағы келісім-шарт, алиментті сот арқылы өндіру жайы қаралады. Алимент мөлшері бала санына байланысты табыстың төрттен бірі не екіден біріне дейін белгіленеді.
Алимент ерікті түрде не сот бұйрығымен төлеу міндеттеледі. Прокуратура дерегінше, Келес ауданында алимент төлемеген 10 адам әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалаған. 7 адам қамауға алынған.
Дилара Иса






