Úı ANONS Келестегі келіспеушілік: Аудан әкімі кешірім сұрады ма?

Келестегі келіспеушілік: Аудан әкімі кешірім сұрады ма?

фото КАӘБҚ
Келес ауданында ірі мал бордақылау алаңы ашылады дегенді есітіп аудан тұрғындары қарсылық танытқан болатын. Осыған орай адан әкімдігі жиын өткізген еді. Жиын барысында кейбір пікір алмасулар эмоциялық сипат алып, әлеуметтік желіде аудан басшысы мен ауыл қариясының арасында сөзге келіспеушілік болды деген бейнежазба тараған еді. Алайда мәселені ушықтырмай, өзара түсіністікпен шешу мақсатында аудан әкімі қариямен арнайы жолығып, ашық әңгіме өрбітті.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, жобаның заң талаптарына және санитарлық нормаларға сай жүзеге асатынын түсіндірді.
Ең бастысы — тұрғындардың ұсынысы негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау үшін көкөніс қоймасын салу мәселесі қолға алынады. Бұл ауылдағы шаруаларға өнімін тиімді сақтауға және табысын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба аясында жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, жаңа жұмыс орындары ашылады.
Аудан әкімі қариямен арнайы жолықты.
«Ата, біздің ниетіміз – елдің тыныштығы мен ауылдың дамуы. Сіздер барда бізге бағыт-бағдар бар. Реніш болмасын, бірлігіміз бұзылмасын», – деді аудан әкімі Жәнібек Есенұлы.
Екі тарап бір-бірінен кешірім сұрап, мәмілеге келді. Ауыл ақсақалы ақ батасын беріп, ел бірлігі мен татулығының маңызын атап өтті. Кездесу қорытындысында тараптар қандай да бір мәселе туындаса, оны ашық диалог пен өзара сыйластық негізінде шешу қажеттігін атап өтті. Аудан басшысы алдағы уақытта да тұрғындар пікірі ескеріліп, барлық жобалар заң талаптарына сай әрі халықтың мүддесіне сәйкес жүзеге асатынын жеткізді.