Ұрпақтарды байланыстырған Банк

140

Нұрбанктің биылғы мерейлі жылында оның клиенттері банкпен бірлесе отырып, атқарған істері, банкпен арасындағы қарым-қатынастары жайлы айтып жатыр. Банк өз саясатының басты ұстанымы ретінде клиентке ыңғайлы дербес сервис көрсетуді таңдап алды. Бір отбасының бірнеше ұрпағы Нұрбанктің қызметін пайдаланып отырғаны және отбасы бизнесінің қаржы мәселелерін шешуді оған тапсыратыны осыдан шығар. Нұрбанк әрқашан ұзақ мерзімдік дәстүрлі отбасылық кәсіпті құруға мүдделі, өйткені Нұрбанк үшін отбасы бұл құндылықтары қалыптасып қойған сенімді де, тұрақты серіктес.

 

Нұрбанктің Шымкент қ. филиалы ЖК Кулиевтің жиһаздың көтерме және бөлшек саудасының жөніндегі компанияның, Гранд белорус жиһазы салонының құрылтайшысы София Расуловна Кулиевамен 12 жылдан аса уақыттан, ал оның отбасымен шаммен 19 жылдан бері бірлесе жұмыс істеп келеді.

София өз ісінің негізін қалай құрғаны және қалай дамытқаны, қандай биіктерді бағындырғаны және оның бүкіл отбасы неліктен Нұрбанкті таңдағаны жайлы айтып берді.

– София, өз бизнесіңіз және қалай бастағаныңыз жайлы әңгімелеп берсеңіз?

– Мен бизнестегі жолымды 12 жыл бұрын бастадым, жиһаз бизнесіндегі менің таңдап алған бағытым мен үшін мүлдем жаңа еді. Мен институтты құқықтану мамандығы бойынша бітірдім және өзімнің жол айырықта тұрғанымды сездім. Жиһазбен айналысу туралы ой бірден келе қоймады, нарықты, көпшіліктің талғамы мен танымын зерттедім, жинаған білімімді кейінірек іс жүзінде қолдандым. Біздің компаниямыз жиһаз саудасының көтерме және бөлшек түрімен қатар айналысады. Біз Белоруссия мен Ресейдің фабрикаларымен жұмыс істейміз. 2010 жылы біз Шымкентте жалпы алаңы 1 300 ш.м. болатын жиһаз сататын дүкен аштық. Сол жылы Белоруссиядағы көрмеге қатысып, жаңа фабрикалармен таныстық және Қазақстанға келгеннен кейін олармен келісімшарттар жасадық.

Сол кездің өзінде-ақ біз Нұрбанкпен ынтымақтастық орнатып қойғанбыз, ол туған бауырымдай еді. Банк жұмыскерлері бізге жедел шоттар ашып берді де, біз алғашқы жеткізілімдерді қабылдай бастадық.

 

Неліктен Нұрбанкті таңдадыңыз?

Нұрбанктегі валюталық аудармалардың ең жақсысы екенін бірден айтуға тиіспін, мұнда валюта айырбастау операцияларын жүргізу ыңғайлы және тиімді болып табылады.

Серіктес ретіндегі банкті таңдауға келсем, оның аяқасты жасалмағанын, біздің арамызды ұзақ жылдардан бері қалыптасқан қарым-қатынас орнағанын және біз оны қатты бағалайтынымызды атап өтуге тиіспін. Біздің, Кулиевтер отбасы түгелімен 2003 жылдан бастап Нұрбанкпен ынтымақтастық орнатты. Отбасымыздың бизнестің бірнеше бағытында еңбек ететін компаниялары Шымкент қ. филиалдың қызметін пайдаланып келеді.

 

Менің ата-анам, үлкен ағам сол банктің қызметін пайдаланатын, мен де олармен бірге немесе олардың тапсырмаларымен жиі баратынымын, ондағы көрсетілетін қызметпен таныстым, үдерістерді бақылап жүрдім. Кейінірек өзіме депозит аштырттым, ал 2010 жылы жеке кәсіпкер ретінде қызмет ала бастадым. Маған мұндағы ұқыптылық, жауаптылық пен кез келген мәселені шешудегі қарқындылық ұнады, жалпы алғанда банк жұмыскерлерінің жұмыстары көңілімнен шықты. Кез келген істе адамның маңызды орын алатыны белгілі. Біздің мәселелеріміздің шешімі нақты бір адамдардың қолында емес пе. Осы орайда мен жұмыстағы үйлесімділікті және клиентке деген дербес ұстанымның банк жұмысындағы көптен бері қалыптасқан стандарттары екенін, жұмыскерлерінің оларды мүлтіксіз орындайтынын ерекше атаймын.

Сіз бизнесте қандай жетістіктерге жеттіңіз?

Мен белорус жиһазының Қазақстандағы ресми дистрибьютері болап табыламын. 2016 жылы Қазақстанның бас қаласында филиал аштым, сонымен осы күні Шымкент пен Нұр – Сұлтан қалаларында 2 сауда үйіміз жұмыс істеуде. 2019 ж. бері Қазақстанның көптеген қалаларына көтерме саудамен жиһаз сатамыз. Қазіргі кезде біз Нұрбанктің қолдауымен жаңа сауда үйінің құрылысын салудамыз.

Кәсіби деңгейі жоғарғы команда жинай алғанымды – өзімнің ең басты жетістігім деп есептеймін, соның арқасында біз корпоративтік секторында, сондай-ақ бөлшек сауда секторында да танымал болдық. Осы орайда біз жиһаз жеткізумен қатар кепілдендірілген қызмет көрсету сервисін де ұсынамыз. Сонымен бірге, клиенттерімізге кез келген талғамдағы жиһаз жеткізудегі дизайн – жобаларын әзірлейміз және ұсынамыз.

Біздің 3 үлкен қоймамыз бар және де біз корпоративтік клиенттерге қоймалардан көтерме сауда ісін жүргізіп келеміз.

Бөлшек сауда тапсырыстарының сегментінде біздің қызметімізді нарықтың орташа және премиум секторлары пайдаланады.

Жұмыс жолында қандай қиындықтармен бетпе-бет келдіңіз және оларды қалай жеңе алдыңыз?

Жұмыс барысында әрдайым қиындықтарға тап болып отырамыз, оның жемісті болуы маусымға, бәсекелестердің белсенділігі мен валюталық толқуларға байланысты, сондықтан да осындай кезеңдерден аман-есен өтіп, ат үстінде қалған және берілмеген дұрыс. Мен мұндай кезеңдерде бұрынғыдан ширақ қимылдап, тығырықтан аз ғана шығымен шығудың абзал жолын табуға тырысамын. Мен бәсекелестіктен қорықпауды үйрендім, керісінше ол мені шынықтыра түседі, белсенді түрде жұмыс істеуімен мұрындық болады. Кез келген бизнесте өкінішке салынуға болмайды, аздап әлсіздік көрсетіп, ашулана бастасаң, қайғыға берілсең болғаны екі қадам артқа кетіп қалғаныңды байқамай қаласың. Сондықтан, әрдайым сабырлы да, тиянақты болуға тырысам: оптимистік те, бұған қарсы бағыттағы да кез келген кеңесті тыңдауға бейілмін, бірақ көбінесе шешімді өзім ғана қабылдаймын.

Жұмыстарын жаңа бастаған кәсіпкерлерге қандай тілек айтар едіңіз?

Өз жұмысының барысында, жиһазды көтермелеп сатумен айналыса жүріп, бизнеспен айналысып жүрген клиенттерімізді жиі бақылай отырып, жетістікке жеткен адамдардың бәріне ортақ сипаттардың болатынын байқадым: олар ұсақ-түйекке аса назар аудармайды, оның алға қойған мақсаттарға жету жолында кедергі болуына жол бермейді, керісінше мақсатына қарай нық қадам баса береді. Жетістікке жеткен адам мақсатты көреді, кедергілерді көздеріне де ілмейді, шешімді саналы түрде қабылдайды, істі кері тартып, алға жылжуға мұрсат бермейтін сәттерді жылдам ұмытады. Ең бастысы істің оңға басуына күш салу керек, ұсақ, маңызды емес заттарға шашылудың қажеті шамалы.

Әрине, сенімді серіктес бола алатын банкті таңдап алу да маңызды, онымен сіз өз ойларыңызды жүзеге асыра аласыз, мықты бизнес құра аласыз. Менің алға жылжи беруімен көмегін аямай келе жатқан Нұрбанктің таңдаймын.

Мақсатыңыз қандай?

Менің ұстанымым – бір іске кіріссем оны өте жақсы етіп орындау. Сондықтан жеткізушілерді, серіктестер мен жұмыскерлерді таңдауда талғамыма жол беремін. Сапалы жиһаз шығаратын өз өндірісімді жоспарлап жүрмін. Жабдықтарды, шикізат пен қосалық материалдарды, өндірістік жайларды зерттеу үстіндемін.

Қазақстанда жиһаз өндірісінің нарығы айта қоярлықтай үлкен емес, мен бұл арада жиһаз өндірісінің толық циклын айтып отырмын. Мен импорттық өнімдермен бәсекелесе алатын жиһаз шығаруды, ассортиментін кеңейтуді және жаңа технология енгізуді жоспарлап отырмын.

Мен жиһаздың сапалы болатынына сенімді болуға тиіспін, оның өндірісіне қояр талабым да жоғары . Сондықтан жиһаз өндірісіне барар жолым мен ойлағандай қысқа бола қоймас.

Қосымша ақпарат:

ШОБ бұл жалпы алғанда Шымкент қаласы мен Түркістан өңірі экономикасының дамуындағы басты драйвер ретінде саналады. Шағын, әсіресе микро бизнес әлеуметтік – экономикалық және саяси өмірде маңызды рөл ойнайды. Банк бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысады және клиенттермен қарым қатынас жасаған сайын ынтымақтастықтың тиімді нұсқаларын ұсынады. «Нұрбанк» АҚ Шымкент қаласындағы филиалы 2001 жылдың тамызында ашылды және ол Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы өз орнын нығайтуды жалғастырып келеді. Шымкент қ. филиал 2022 жылы ШОБ бағытында негізінен төмендегідей сипатта қаржыландыру жасады: көтерме және бөлшек сауда – 41%, өндіріс – 17%, спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру салаларындағы қызмет – 9%, ауыл шаруашылығы – 8%, құрылыс – 3%.

Банк өзінің онлайн сервистері мен қызмет көрсетудің физикалық каналдарын қатар дамытуға инвестиция жасай отырып, клиенттері мен жұмыскерлері үшін ең жақсы жағдай туғызуға тырысады.

Міне, сондықтан да өткен және үстіміздегі жылдары бизнеске берілген кредиттердің саны айтарлықтай өсті. Бөлшек сауда бизнесі секторында да жағымды өсім байқалып отыр.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту  агенттігі 2020 жылдың 03-ақпанында берген лицензияның № 1.2.15/193