Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жауапқа тартылады

42

Бадам өзенінің жағалауы маңында жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі туралы жергілікті тұрғындардан шағым түсті. Осыған орай, мәселені шешу үшін Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов пен жауапты басшарма өкілдері жергілікті халықпен кездесті.

Кездесу барысында Бадам өзенінің жағалауынан жер қойнауын заңсыз ұрлау жайтының алдын алу, жауапкершілігі, мемлекетке келетін шығынның көлемі және салдары түсіндірілді. Сонымен қатар, өзен жағалауына кірер жолға арнайы ескертпе бұрыш орнатылып, қызыл лента тартылды.

Айта кетейік жер қойнауын заңсыз пайдаланғандарға ҚР Қылмыстық Кодексінің 334-бабына сәйкес жаза қолданылады.