Келесі жылы ТМД-ға Қырғызстан төрағалық етеді

41

Келесі жылы ТМД-ға Қырғызстан төрағалық етеді. «Өздеріңізге белгілі, жуырда өткен Астана саммиті барысында Достастықтағы төрағалық эстафетасы Қырғыз Республикасына тапсырылды. Осыған байланысты қырғыз достарымды осы маңызды әрі құрметті миссиямен құттықтаймын», — деді Әлихан  Смайылов Астанада өткен ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында.

Ол биыл ТМД-ға Қазақстан төрағалық еткенін атап өтті. Осы кезеңде республика барлық бағытта өзара іс-қимылды тереңдету бойынша үлкен жұмыс жүргізді.
Айта кетері, ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2023 жылы 2 маусымда Бішкекте өтеді.