Ордабасы ауданында 15 мың тоннадан аса мақта жиналды

36
Биыл Ордабасы ауданында 7122 гектар алқапқа мақта дақылы егілді. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 237 гектарға артық.
Атап айтар болсақ, Қарақұм ауылдық округінде– 317 га, Жеңісте – 920 га, Бөген а/о – 1500 га, Төрткөл а/о – 4385 га. Қазіргі таңда оның  5320 гектары теріліп, нәтижесінде 15 мыңнан тоннадан аса өнім жиналды. Орташа түсім гектарына 29 центнерді құрады.
Аймақта бірінші репродукциялы “Карло”, “Эдесса” және екінші репродукциялы “Сұлтан”, “Түркістан” мақта тұқымдары егілген.