Úı ANONS Сенбілікте аулалар сұйық сабынмен жуылды

Сенбілікте аулалар сұйық сабынмен жуылды

 

Бүгін жалпықалалық тазалық күнінде Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары Қарасу шағын ауданы 67,69 көпқабатты үйлерінің ауласында өтті. Санитарлық тазалық кезінде балалар алаңшасы сұйық сабынмен жуылып, ойын элементтері сырланды.

Тұрғындарға қолайсыздық келтіретін қураған ағаш бұталары кесіліп, аулалар сыпырылды. Аудан аумағындағы қоқыс алаңшалары тазартылды.

Аталған жұмыстарға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, 11 арнайы техника және 120-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.