Түркістанда әуеге ультразаманауи наноспутник ұшырылды

65

Түркістаннан 50 шақырым жерде атмосфераның жоғарғы қабатына ультразаманауи 2 наноспутник ұшырылды. Бұл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті UNICEF-Қазақстанмен бірлескен UniSat жобасы.

Оның мақсаты – наноспутниктерді жасау саласында қыздардың білімі мен біліктілігін дамыту. Ұшырылған спутниктер білім беру мақсаттарына арналған салмағы 1-ден 10 келі аралығындағы шағын ғарыш аппараттары. Құрылғы бірнеше камера мен сенсормен жабдықталған.

Ондағы қабылдағыштар ауа температурасы мен қысымы, ылғалдығы туралы мәліметті жинайды. Сондай-ақ адам ағзасына өте қауіпті болып саналатын PM2,5 және PM10 микробөлшектерінің концентрациясын анықтайды.