Түркістан облысы Түлкібас ауданынында 2 жасар бала әжетханаға құлап, қайтыс болды. Қайғылы оқиға 22 шілде күні болған. 2024 жылы туған бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалып, ауладағы тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға абайсызда құлап кетіпті. Құтқарушылар келіп баланың денесін сыртқа шығарған, алайда сәбиді аман алып қалу мүмкін болмапты.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
«Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел медициналық жәрдем қызметінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының күштері жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен баланың денесі сыртқа шығарылды».
ЛАУРА БАБАС






