Түркістанда халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері байқауы басталды

50

Түркістанда халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндерінің байқауы басталды. Шара қазақстандық композиторлардың үздік шығармаларын, қазақ әндерін әлемге таныту, дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған.

Байқауда Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан, Әзірбайжан сынды 20-ға тарта мемлекет өнерпаздары бақ сынайды. Бәріне қойылған талап 2 кезеңде де қазақ эстрадасының әндерін шырқау. Қатысушыларға шығармашылық өкілдері, елімізге танымал орындаушылар мен композиторлар төрелік етеді.

Ал жарыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломмен марапатталып, қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болады. Айта кетейік бұл жоба осыған дейін 2 рет онлайн түрде өткен болатын.