Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 20,7 пайызға қымбаттады

107
Картоп. Жәрмеңке.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жыл басынан бері 20,7 %-ке қымбаттады.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы тағы 0,2 процентке көтерілді.
Бір аптаның ішінде қымбаттаған тауарлар:

жұмыртқа, І санат + 1,6%

пияз + 0,7%

орамжапырақ + 0,6%

Ал сәбіз (– 0,7%) бен қант (– 0,2%) сәл арзандады.
Әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

түтік кеспенің (рожки) келісі – 294 теңге;

сиыр еті, жауырын-төс бөлігінің келісі – 2 279 теңге;

бір литр айран 2,5% – 349 теңге.

Ал жылдық мәнде осы санаттағы тауарлар 20,2%-ке қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4 процентке жоғары.
Айта кетері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 өнім кіреді. Олар: түтік кеспе, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ, қант, күнбағыс майы, сиыр мен тауық еті, сүт, айран, жұмыртқа.